.RU

Бітіру емтихандары мәселесіне

Дата10.09.2017өлшемі56.98 Kb.
УДК 371

Бітіру емтихандары мәселесіне
Чугунова А.А., Аманжолова А.Ж., Байжигитова Л.О.

( М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Адам баласы өмір бойы не нәрсеге үйренсе де, алған білімі мен ептілігінің сапасы жайлы сұрақтар оны үнемі қызықтыратын болады. Оқуға жұмсаған уақыты мен күш жігері ақталды ма? Алынған білім адамның өз алдына қойған мақсаттарына сәйкес келеді ме? Бұған және басқа да сұрақтарға жауапты екі жолмен табуға болады. Бірінші жолы – жұмсалған күштің сапасын талдап, бақылау жұмыстары, тесттар және т.б. арқылы өзін-өзі тексеру. Екіншісі – емтихан деп аталатын ұйымдастырылған, арнайы рәсімнің қатысушысы болу.

Мектептік және ЖОО тәжірибесінде тест түріндегі бақылау тапсырмаларын орындауға бағытталған емтихандардың пайда болуы емтихан жұмысын лотереяға, ойынға айналдырады деген пікірлер естуге болады. Бұл пікірлер кең таралған және қауіпті. Емтиханға дайындалудан, өткенді қайталаудан, білімін жүйелеуден және т.б. оқушының көңілін компьютерді калай «алдау» деген сияқты күмәнді әдістерді іздеуге аударуымен қауіпті.

Барлық қазақстандық мектеп бітірушілер дағдыланған ұлттық біріңғай тестілеу өзінің тұрпатын өзгертеді, осының арқасында белгілі бір пәндер бойынша дайындауды, қалған пәндерге көңіл бөлмеушілікті жояды. «Пәнді терең білу» және «меңгерудің ілгері деңгейіне» байланысты сұрақтарболады.

Емтихан қандай түрде өтсе де, оны жақсы тапсыру үшін арнайы дайындық керек. Дайындық кезінде физика пәнінен емтихан тапсырушыға қандай талаптар қойылатынын ескерген жөн. Бұл талаптар құрамына физикалық құбылыстар, физикалық шамалар, заңдар мен теориялар туралы білімнің негізгі элементтері кіреді.

Физикалық құбылыстар жайлы не білу қажет:



  • құбылыстың сыртқы белгілері (құбылысты анықтайтын белгілер);

  • құбылыстың өту шарттары;

  • құбылыстың болмысы (қазіргі заманғы ғылыми теориялардың негізінде құбылыстарды түсіндіру);

  • берілген құбылыстың басқа құбылыстармен байлынысы;

  • құбылысты сипаттайтын физикалық шамалар;

  • құбылысты тәжірибеде қолдану мысалдары;

  • құбылыстың қоршаған орта мен техникалық құрылғыларға зиянды әсер етуін ескертудің әдістері.

Физикалық шамалар жайлы не білу қажет:

  • берілген шама денелердің (құбылыстардың) қандай қасиеттерін(сапаларын) сипаттайды;

  • бұл қандай шама (скалярлық немесе векторлық);

  • берілген шаманың басқа шамалармен байланысын анықтайтын формула (анықтаушы формула);

  • шаманың анықтамасы;

  • хж-дағы шаманың өлшем бірлігі ( өлшем бірлігінің атауы мен белгіленуі және оның анықтамасы);

  • шаманы өлшеу әдістері.

Физикалық заңдар жайлы не білу қажет:

  • қандай құбылыстар (немесе шамалар) арасындағы байланыс заңды өрнектейді;

  • заңды тұжырымдау;

  • заңның математикалық өрнегі;

  • заң қандай жолмен ашылды: тәжірибе нәтижелерінің талдау негізінде немесе теорияның нәтижесі ретінде;

  • заң тұжырымдалған тәжірибелік фактілер;

  • теорияның нәтижесі ретінде тұжырымдалған заңның әділеттілігін дәлелдейтін тәжірибелер;

  • тәжірибеде заңды қолдану және тіркеу мысалдары, оның қолданылу шегі.

Физикалық теория жайлы не білу қажет:

  • теорияны дайындауға негіз болған тәжірибелік фактілер;

  • теорияның негізгі түсініктері;

  • теорияның негізгі ережелері (қағидалары, заңдары);

  • теорияның математикалық аппараты (негізгі теңдеулері);

  • теория ережелерінің әділеттілігін дәлелдейтін тәжірибелер мен бақылаулар;

  • теорияның нәтижесі: а) теория арқылы түсіндірілетін құбылыстар мен денелердің қасиеттері; б) теориямен жорамалданатын құбылыстар мен денелердің қасиеттері.

Мұндай жалпы жоспарды қолдану оқушыға әр сұрақтағы негізгі элементтерді белгілеп алуға, физикалық түсініктердің басты қасиеттеріне зейін бөлуге мүмкіндік береді.

Физика пәнінен емтиханға дайындалған кезде күрделілігі әр түрлі есептерді көп шығарған жөн. Жеңіл есептерді шығаруды үйренгеннен кейін, күрделірек есепке көшу керек. Жұмыс өнімді болу үшін, есепті шығару кезінде алгоритмдік ұйғарым деп аталатын келесі әрекеттерді орындау қажет:



  • есептің шартың мұқият оқу керек, есепте қарастырылатын процестердің немесе құбылыстардың физикалық мазмұнын түсінуге тырысыңыз, есептің негізгі сұрағын анықтаңыз;

  • есептің шартын қайталаңдар (қайтадан оқып, есепте берілген жағдайды ойша елестетіңіз), есепті шығарудың мақсатын табыңыз, берілген шамаларды және белгісіз шамаларды белгілеңіз;

  • есептің берілгенін қысқаша жазыңыз, барлық шамалардың өлшем бірліктерін хж-ге келтіріңіз, сурет, схема немесе сызба жасаңыз. суретте барлық векторлық шамаларды көрсетіңіз (жылдамдықты, үдеуді, күшті, импульсті, электр өрісінің кернеулігін, магнит өрісінің индукциясын және т.б.);

  • есепте берілген жағдайды қандай физикалық заңдардың көмегімен сипаттауға болатынын анықтаңыз. егер заң векторлық шамаға жатса, онда бұл заңды векторлық түрде жазыңыз;

  • координата осьтерінің бағыттарын анықтаңыз және координат осьтеріне түсірілген проекциядағы белгілі және ізделініп отырған шамаларды байланыстыратын векторлық байланысты скаляр теңдеу ретінде жазыңыз;

  • шыққан теңдеуді (немесе теңдеулер жүйесін) жалпы түрде есептеңіз, ізделініп отырған шаманы көрсетіңіз;

  • физикалық шамалардың өлшем бірліктерінің көмегімен есептің дұрыс шығарылуын тексеріңіз;

  • жалпы шешімге физикалық шамалардың сандық өлшемін қойыңыз және жуық мән ережесін ескеріп есептеу жүргізіңіз;

  • шыққан нәтижені тексеріңіз және талдаңыз, оның шынайылығын бағалаңыз. жауапты хж-не келтіріп жазыңыз немесе есептің шартында берілген өлшем бірлігінде жазыңыз.

  • есептің басқа шығару жолдары бар ма екенін анықтаңыз. егер есептің шартына өзгеріс енгізсек, онда есептің шешімі қалай өзгеретіндігін ойланыңыз. жалпы шешімнің шекті және жеке жағдайларды талдаңыз, мұндай талдаудың нәтижесін түсіндіруге тырысыңыз.

Физика пәнінен емтиханды жақсы тапсырудың негізгі шарты оқушының жақсы теориялық дайындығы мен оның мектеп талабының көлемінде физикалық есептерді шығара алуы екені түсінікті. Бірақ та, физика пәнінен жақсы дайындалған оқушылар да кейде жоғары баға ала алмай жатады: нашар математикалық дайындық, зейінділіктің, жинақылықтың және ұқыптылықтың болмауы оларға кедергі келтіреді.


Әдебиет:

  1. Болсун А.И., Галякевич Б.К. Емтихан сұрақтары мен жауаптарындағы физика. Мәскеу: Рольф баспасы, 2001.

  2. Усова А.В., Орехов В.П., Каменецкий С.Е. Орта мектептің 9-10 сыныптарында физиканы оқыту әдіснамасы. Мәскеу: Просвещение баспасы, 1990.

  3. Шамаш С.Я., Эвенчик Э.Е., Орлов В.А. Орта мектепте физиканы оқытудың әдіснамасы. Мәскеу. Просвещение баспасы. 1987.


Заявка на участие в конференции
Фамилия: Байжигитова Имя: Ляззат Отчество: Ораловна

Организация, должность: СКГУ им.М.Козыбаева, ФИТ,студент группы Ф(о)-15к

Адрес: ул.Абая 57, кв 75

Телефон автора: 8-775-450-41-65

Электронный адрес: lyako_9797@mail.ru, lyako.9797@gmail.com

Тема: Бітіру емтихандары мәселесіне

Секция:Физико-математические науки

Наличие оргвзноса: №103438



Необходимость бронирования номера в гостинице: нет
Дата 14.10.2016 Подпись

Достарыңызбен бөлісу:

ekonomicheskaya-sushnost-turistskoj-renti-chast-2.html
ekonomicheskaya-sushnost-turistskoj-renti-chast-8.html
ekonomicheskaya-teoriya-karla-marksa.html
ekonomicheskaya-teoriya.html
ekonomicheskie-aspekti-httpwww-space-com-ua-aerokosmicheskie-novosti-3.html
ekonomicheskie-celi-funkcii-i-meri-tamozhennogo-regulirovaniya.html
  • assessments.bystrickaya.ru/desyataya-glava-sofi-ueston-idilliya-v-oksforde.html
  • composition.bystrickaya.ru/osnovi-sociolingvistiki.html
  • studies.bystrickaya.ru/kniga-prodolzhaet-seriyu-100-velikih-stranica-53.html
  • tasks.bystrickaya.ru/1-obshekulturnimi-ok-osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-visshego-professionalnogo-obrazovaniya-1-080200-menedzhment-1.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/nashite-granici-bog-e-zhiv.html
  • institut.bystrickaya.ru/tema-16-prestupleniya-protiv-pravosudiya-gl-31-uk-uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-ugolovnaya-pravo.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tema-nauka-tehnika-i-kultura-metodicheskoe-posobie-dlya-podgotovki-k-seminarskim-zanyatiyam-po-kulturologii-dlya.html
  • grade.bystrickaya.ru/ne-shurkova-3-4-petrozavodsk.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/puti-povisheniya-effektivnosti-ispolzovaniya-osnovnih-sredstv-prup-tranzistor.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/psihoanaliz-o-lichnosti.html
  • education.bystrickaya.ru/36-uborka-pridomovoj-territorii-organizaciya-uborki-territorii-pravila-i-normi-tehnicheskoj-ekspluatacii-zhilishnogo.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/ravnovesnij-elektrodnij-potencial-okruzhayushij-cheloveka-mir-materialen-i-nesmotrya-na-vse-bogatstvo-ego-proyavlenij.html
  • lesson.bystrickaya.ru/pasport-proekta-tvorcheskij-potencial-programma-razvitiya-centra-detskogo-yunosheskogo-tehnicheskogo-tvorchestva-ohta-2011.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-ekonomiko-matematicheskoe-modelirovanie-dlya-specialnosti-080105-finansi-i-kredit-080102-mirovaya-ekonomika-stranica-4.html
  • knigi.bystrickaya.ru/sistemi-s-fiksirovannoj-periodichnostyu-zakaza-logistika-zakupok.html
  • studies.bystrickaya.ru/iii-ingredienti-rezinovih-smesej-i-fiziko-himiya-fiziko-mehanicheskie-ispitaniya-kauchukov-i-rezin-i-ih-himicheskij-analiz.html
  • lesson.bystrickaya.ru/prestupnost-v-rossii-i-zarubezhnih-stranah-sravnitelnij-analiz-chast-2.html
  • write.bystrickaya.ru/formi-kontrolya-poyasnitelnaya-zapiska.html
  • nauka.bystrickaya.ru/utka-cenoj-43-milliarda-rublej-gosduma-rf-monitoring-smi-4-aprelya-2007-g.html
  • pisat.bystrickaya.ru/uchebnaya-programma-kursa-ministerstvo-obrazovaniya-i-nauki-rossijskoj-federacii-federalnoe-agentstvo-po-obrazovaniyu.html
  • turn.bystrickaya.ru/osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-220400-62-upravlenie-v-tehnicheskih-sistemah-uroven-podgotovki-bakalavr-stranica-19.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/sifilis.html
  • composition.bystrickaya.ru/ostanaj-oblisi-bojinsha-memlekettk-krster-departamentn-sarikl-audani-bojinsha-memlekettk-krster-basarmasi-rmm-111600-indeks-ostanaj-oblisi-sarikl-audani-sarikl-k.html
  • bystrickaya.ru/vliyanie-ftora-i-ftorosoderzhashih-soedinenij-na-zdorove-naseleniya.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/statya-principi-byudzhetnoj-sistemi-respubliki-kazahstan.html
  • holiday.bystrickaya.ru/mnenie-kak-poznavatelnaya-forma-logiko-epistemologicheskij-analiz-i-t-kasavin-glavnij-redaktor-a-yu-antonovskij.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-21-gopi-ocharovani-zvukami-flejti-a-ch-bhaktivedanta-svami-prabhupada-krishna-verhovnaya-lichnost-boga-istochnik.html
  • desk.bystrickaya.ru/otvet-na-zadachu-ii10-metodicheskoe-posobie-v-pomosh-dlya-obucheniya-notariusov-po-teme-sobstvennost-nedvizhimoe-imushestvo.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/prichudlivij-metod-ucheta-odurachennie-sluchajnostyu-skritaya-rol-shansa-na-rinkah-i-v-zhizni-m-internet-trejding-248-s.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-dvenadcataya-v-kotoroj-kniga-dlya-teh-kto-hochet-poluchat-otveti-a-maksimov-ne-molchi-ili-kniga-dlya-teh.html
  • report.bystrickaya.ru/harakteristika-strukturi-pochvennogo-pokrova-generalnij-plan-parfenevskogo-selskogo-poseleniya-parfenevskogo.html
  • literatura.bystrickaya.ru/soderzhanie-referat-stranica-4.html
  • university.bystrickaya.ru/financeua-09042011-ukraincam-gotovyat-pensionnuyu-lovushku-monitoring-smi-rf-po-pensionnoj-tematike-11-aprelya-2011-goda.html
  • credit.bystrickaya.ru/otchet-po-proektu-razrabotka-innovacionnih-modelej-i-metodologii.html
  • thesis.bystrickaya.ru/prilozhenie-3-rekomenduemoe-e-a-sorochan-otvetstvennij-ispolnitel-kand-tehn-nauk.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.